24
февраль
2023
САБАҚТА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІН ШЫҢДАУҒА БОЛАДЫ МА?!
5 «З» және 5 «Ж» сыныптарында «Сабақта белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушы қабілетін шыңдауға бола ма?» деген зерттеу сұрағы бойынша іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары жүруде.
Оқытудың белсенді әдістері деген не? Оның тиімділігі қандай?
Оқытудың белсенді әдістері – бұл әдіс оқушының танымдық, практикалық іс-әрекет белсенділігін арттыратын, негізінен оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір мәселені шешуге бағытталған диалог болып табылады. Бұл әдісті қолдану оқытушыдан оқушының жас ерекшелігін, әр оқушының топта жұмыс жасай алу ерекшелігін білу сияқты психологиялық және методологиялық білімнің болуын талап етеді. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын өзінің белсенді әдістері болады.
Сынып жетекшілеріміз сабақтың басынан бастап сыныптағы әр іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтап, әрбір бала өз мүмкіндігін көрсете алатын еркін жаймашуақ орта қалыптастыру амалдарын іздестіруде.
Сынып жетекшілері: Ерубаева М.О., Күдериева М.Ж.