ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН, БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН, БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?!
14
февраль
2023

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН, БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?!

5 «Б» және 5 «Д» сыныптарында «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін, белсенділігін қалай арттыруға болады?» деген зерттеу сұрағы бойынша іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары жүруде. 
  Аталған сұрақ несімен құнды, несімен маңызды? 
Біріншіден, оқушыларға коммуникативтік дағды қалыптастыру керек. Оқушылардың көбі өз ойын жеткізе алмайды. Диалогқа түсе алмайтын жағдайлар көп кездеседі. Диалогтік оқыту – белсенділікті, бәсекелестікті тудырады. Ал пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
Іс-әрекеттегі зерттеу өткізу барысында белсенді емес оқушының мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарту арқылы айтылым дағдысын қалыптастыра алсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып, сабағымызды жоспарласақ, жеке тұлға тәрбиелей алатынымызға күмән жоқ.
Сынып жетекшілері: Мадиярова А.С., Умарова Ж.