13.03.2025 ж. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының
УЭТ САБАҚ 13.03.2025 ж. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Айдарбекова Айгүл және Мырзатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джантаева Гүлзахира 2 сыныпта қазақ тілі пәні бойынша дуэттік сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі зат есім. Сабақтың мақсаты: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.