13
март
2025
13.03.2025 ж. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Айдарбекова Айгүл және Мырзатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джантаева Гүлзахира 2 сыныпта қазақ тілі пәні бойынша дуэттік сабақ өтті.
УЭТ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі зат есім.
Сабақтың мақсаты: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.
Сабақты жоспарлауда ұлттық құндылықтарға аса мән берілгені байқалады. Мұғалімдер «Торсық», «Шолпы» әдістері мен қатар «Ойлан, жұптас, бөліс», «Біліміңді қолдан» әдістерін де ұтымды пайдалана білді.