13
март
2025
Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Айтжанова Марина және Еңбек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көпбосынова Ақтоты 2 сыныпта қазақ тілі пәнінен дуэттік сабақ өтті.
ДУЭТ САБАҚ
11.03.2025 ж. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Айтжанова Марина және Еңбек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көпбосынова Ақтоты 2 сыныпта қазақ тілі пәнінен дуэттік сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі зат есімдер.
Мақсаты: Зат есімнің жалпы, жалқы түрлерін ажырату. Дара, күрделі зат есімдерді анықтау. Оқыған,тыңдаған және бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіру.
Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, сабақтың мақсатын ашты. Өз кезегінде оқушыларда белсенділік танытып, алған білімдерін ортаға салып, өз пікірлерін ашық айтты.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: "Білім шыңы", "Пазл", "Моншақтар", «Сәйкестендіру", Семантикалық карта".