Материалы за Январь 2025 года » Страница 3 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» Материалы за Январь 2025 года » Страница 3
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК
16
январь
2025
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК 16 қаңтар күні жас мамандарға арналған "Озат тәжірибелі маман-жас маманға айдарымен" тақырыбында ұйымдастырылған  аудандық ашық есік күнінде мектеп-гимназиямыздың  химия пәні мұғалімі Серикбаева Жексенгуль Торешевна, орыс тілі пәні мұғалімі Акбергенова Салтанат Рахметжановна, информатика пәні мұғалімі Байғазиева Қымбат Рахымжановна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздарымыздың сабақтары жоғары бағаланып, іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс хаттармен
ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН АЙЛЫҒЫ 🔸️2025 ж 13 қаңтар күні «Цифрлық білім беру технологиялары, жасанды интеллект және геймификация арқылы ағылшын тілін оқытуды жетілдіру» тақырыбында ағылшын тілі пән айлығының  ашылуы өтті.
14
январь
2025
ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН АЙЛЫҒЫ 🔸️2025 ж 13 қаңтар күні «Цифрлық білім беру
ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘН АЙЛЫҒЫ 2025 ж 13 қаңтар күні «Цифрлық білім беру технологиялары, жасанды интеллект және геймификация арқылы ағылшын тілін оқытуды жетілдіру» тақырыбында ағылшын тілі пән айлығының  ашылуы өтті. Айлық мақсаты пән мұғалімдерінің сабақта цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану дағдыларын дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту.
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!!! 🔰 “Оқуға құштар мектеп жобасы” аясында “Шын жүректен кітап сыйла” атты бір уақытта кітап оқу челленджі ұйымдастырылды.
14
январь
2025
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!!! 🔰 “Оқуға құштар мектеп жобасы” аясында
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!!!  “Оқуға құштар мектеп жобасы” аясында “Шын жүректен кітап сыйла” атты бір уақытта кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. “Бір мезетте кітап оқу” челленджі – адамдарды оқуға баулу және кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылатын ерекше шара. Челлендж барысында қатысушылар белгіленген уақытта бір уақытта кітап оқиды. Бұл шараның басты мақсаты – кітап оқуды ұжымдық және қызықты әрекетке айналдырып, оқырмандар арасында рухани байланыс орнату.
2025 жылдың 10-11 қаңтар күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті.
11
январь
2025
2025 жылдың 10-11 қаңтар күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын»
2025 жылдың 10-11 қаңтар күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Біздің мектептен конкурсқа  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Омарова Айнұр Жамалбекқызы қатысып, бағын сынап қайтты. Нәтижесінде, арнайы Грамотамен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, мерейіңіз әрқашан үстем болсын дегіміз келеді.
МЕКТЕПІШІЛІК СЕМИНАР      «Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері семинар-практикум ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
06
январь
2025
МЕКТЕПІШІЛІК СЕМИНАР «Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа
МЕКТЕПІШІЛІК СЕМИНАР      «Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері семинар-практикум ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.      Семинар барысында  оқу бағдарламаларының мақсаттарын іске асыру арқылы білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны аталып өтті.       Іс шара аясында ұстаздар топтаса отырып, құндылыққа
ДЕМАЛЫСТЫ ПАЙДАЛЫ ӨТКІЗЕЙІК!
06
январь
2025
ДЕМАЛЫСТЫ ПАЙДАЛЫ ӨТКІЗЕЙІК!
ДЕМАЛЫСТЫ ПАЙДАЛЫ ӨТКІЗЕЙІК! ”Оқуға құштар мектеп” жобасының аясында қысқы демалыс уақытында оқуға кеңес беретін кітаптар тізімін ұсынамыз. Демалысты көңілді әрі пайдалы өткізу үшін кітап оқып, жаңа әлемдерді ашуға шақырамыз!
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ! 🔶Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының негізінде Амалбекова Махаббаттың ұйымдастыруымен 5 “Б” сыныбының ата-аналар жиналысы өтті.
05
январь
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ! 🔶Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие”
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ! Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының негізінде Амалбекова Махаббаттың ұйымдастыруымен 5 “Б” сыныбының ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында II  тоқсан қорытындысы, бала қалыптасуындағы отбасылық қарым-қатынастың рөлі туралы талқыланды. Сонымен қатар тренинг жүргізіліп, ата-аналардың ынтымақтастығын арттыру мақсатында сергіту сәттері ұйымдастырылды. Ата-аналар сынып жетекшіге деген ұсыныс-тілектерін білдіріп, алдағы уақытқа бірлескен іс-шаралар
Назад 1 2 3 Вперед