Бастауыш сынып бірлестігінің айлығы аясында өткізілген пәнаралық сабақ

Бүгін Сарбасова Назира мен Мамыт Айдана 3 "А" сынып оқушыларымен "Математика мен дүниетануды біріктірген пәнаралық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: “Санның квадраты және кубы. Спорт – денсаулық кепілі.”

Сабақтың мақсаты – санның квадратын бірдей екі көбейткіштің, ал кубын үш көбейткіштің көбейтіндісі екенін түсіндіру, тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ спорт түрлерімен таныстырып, спортшы бойындағы қабілеттерді анықтау болды.

Сабақ барысында
mektep.ai платформасы арқылы өткен тақырыптар бекітілді.

Математика бөлімінде оқушылар эстафеталық ойын арқылы квадрат пен кубқа байланысты тапсырмаларды орындап, белсенді жұмыс жасады. Жұптық жұмыс кезеңінде “Гексикон” әдісін қолдана отырып, оқушылар ұғымдар мен терминдердің мағынасын ашып, оларды өзара байланыстыра білді. Сергіту сәтінде “Түсін тап, атауын ата” ойыны арқылы спорт түрлерін ажыратып, қызығушылық танытты.
Топтық жұмыста “Жылдам ойла, тез қимылда” әдісі арқылы оқушылар шапшаңдық танытып, топпен бірлесе тапсырмаларды орындады.
Жеке жұмыс “Сәйкестендір” әдісі арқылы жүзеге асып, әр оқушы өз деңгейінде білімін бекітті.

Сабақ соңында “Чемпион” әдісі негізінде кері байланыс беріліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Осындай пәнаралық сабақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімін өмірмен байланыстыруға мүмкіндік берді
