22
апрель
2025
"Адам және қоғам" циклі пәндері бірлестігінің әдістемелік айлығы аясында тарих пәні мұғалімі Асель Кошкимбаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Адам және қоғам" циклі пәндері бірлестігінің әдістемелік айлығы аясында тарих пәні мұғалімі Асель Кошкимбаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларымен «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар елорданың тәуелсіз Қазақстанның нышаны ретіндегі рөлін түсініп, оның даму бағыттарын талқылады. Сабақта заманауи цифрлық құралдар қолданылды:
D-ID қосымшасы арқылы жасанды интеллект көмегімен қызығушылық ояту видеосы көрсетілді,
Genially.com платформасы арқылы пазлды тапсырмалар берілді
QR-Astana арқылы мәтінмен жұмыс жүргізілді,
Baamboozle ойыны арқылы сұрақтарға жауап берілді,
Kahoot платформасы арқылы тест тапсырмалары орындалды.
Оқушылар белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.