Бастауыш сынып бірлестігінің айлығының аясында 2-сыныптар арасында “Зерек математик” интеллектуалдық сайысы өтті!

Басты мақсат – оқушылардың білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайысқа 18 оқушы қатысып, киіз үй ішіндегі жасырылған асық нөмірлері арқылы 3 топқа бөлінді:

“Шаңырақ” тобы

“Уық” тобы

“Кереге” тобы

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

“Бәйге” – жылдам сұрақ-жауап

“Көкпар” – амал таңбаларын қою, есептер шығару

“Ханталапай” – логикалық және жұмбақ есептер (қоңырау басу арқылы)

“Сырсандық” – құпия тапсырмалар

Сонымен қатар “Көңілді пирамида” сергіту сәті өткізіліп, оқушылар ерекше қызығушылықпен қатысып отырды.
Ұпайлар “Тәтті асықтар” арқылы есептелді.

Сайыс барысында ән шырқалып, қатысушылар мен көрермендерге қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Барлық оқушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!



