🔰ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 🔰ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ.
04
март
2025

🔰ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ.

🔰ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ.
🔰️2025 жылдың 4 наурыз күні Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Zerdeli"  ақыл-ой дамыту орталығы  өткізген 3,4,5,6 сынып оқушыларына арналған "Жас математик" олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға марапатталатын оқушылардың ата-аналары да қатысты. "Zerdeli"  ақыл-ой дамыту орталығы өкілдері олимпиада жеңімпаздарына берілетін жеңілдіктер купонын пайдалану, орталықтың on-line курстарына жазылу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарн жүргізді.  Математика пәнінен "Жас математик" олимпиадасына 3,4,5,6 сыныптардан барлығы 150 оқушы қатысты. 44 оқушы жақсы көрсеткіштері үшін грамотамен, 30 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен, 18 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 8 оқушы І дәрежелі дипломмен марапатталды.  "Жас математик" олимпиадасының жеңімпаздары мен жетекшілері жетістіктерімен құттықтаймыз!