4”Г” сыныбымен Аманова А.С. ашық сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбы “ Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?”
Бүгінгі ашық сабақта оқушылар адам организміндегі зәр шығару жүйесінің құрылымы мен қызметін танып-біліп, оның денсаулық үшін маңызын түсінді.

Сабақ «Жүректен шыққан тілекпен» басталып, оқушылар жылы атмосферада бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады.

Өткен тақырып пысықталып, білімдерін бекіту мақсатында «Ұяшықты таңда» әдісі қолданылды.

Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстармен қатар зерттеу жұмысында жүргізіп, өз тұжырымдарын ұсынды.

Бағалау кезеңі «Ми заряды» әдісі арқылы жүзеге асырылып, әр оқушы өз жетістігін бағалап шықты.

Сабақ оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ғылыми көзқарасын дамытуға бағытталды.


