16
октябрь
2021
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік"
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында ДҚТІЖО Ш. Кенжалиев пен мектеп инспекторы М. Умирбекова бастауыш сынып оқушылар арасында қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс өткізді. Дәрісте қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайтыны, кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтатыны туралы айтылып, әр адамның мұз үстінде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, әдетте, су беті біркелкі емес, бөлік - бөлікпен қатады: алдымен жағалауы, судың таяз жері, содан кейін ортасы. Бір су айдынында әртүрлі беріктігі мен түрлі салмаққа төтеп беретін мұз қалыңдығын байқауға болады. Адамның мұзда қауіпсіз болуының негізгі шарты мұз қалыңдығының салмаққа сәйкестігі туралы да дәрісте айтылды.












