ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

18
январь
2024

ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС!

Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізінде 7-сынып оқушыларымен «Менің өлкемнің тарихи-мәдени мұралары» тақырыбында Жамбыл облысының аумағындағы тарихи-мәдени орындарға виртуалды саяхат ұйымдастырылды. Бүгінгі саяхат барысында Ақыртас сарай кешені,  сонау ғасырлардан бері келіп жеткен аңыздар туралы сыр шертетін көптеген кесенелер: Айша-Бибі және Бабажы-Қатын, Қарахан, Дәуітбек және Шоқай датқа кесенелері, Тектұрмас сәулет кешені, Байзақ датқа кесенесінің пайда болу тарихына, құрылысына байланысты тың деректер берілді. 
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертетін халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.