29
декабрь
2023
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ!
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын, жүрегімізге ерекше жылулық сыйлайтын, көңілімізді шаттыққа бөлейтін ең сүйікті мереке. Мереке қарсаңында мектеп-гимназияда 1-11-сыныптарға арналған «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеші өтті. Арнайы мерекелік бағдарламада әуелеген ән шырқалып, мың бұралған бишілер оқушыларымызға ерекше әсер сыйлады. Аяз ата, Ақшақармен бірге суретке түсіп, шат-шадыман болып қуанышқа бөленді. Мерекелік шара мазмұнды, әрі көңілді өтті.
Барша қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтаймыз! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын!
