03
январь
2024
ҮНЕМІ ОҚИТЫН АДАМ-ТАБЫСТЫ АДАМ!
Мектеп-гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында «Үнемі оқитын адам-табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу өтті. Кездесу барысында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы негізге алынып, Қожаның іс-әрекеттері мен арман-мұраттарына талдау жасалды. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріліп, оқушылар өз ойын жүйелі жеткізе білді.
"Менің атым-Қожа" повесі-Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығармасы. Әрине, «Менің атым – Қожа» фильмін көрмеген жан кемде-кем. Дегенмен, кітап оқығанда алатын әсер мүлдем бөлек. Бұл шығарма - балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Оқушыларға оқып, керегін түртіп алып, бойына сіңіруге таптырмас туынды.



