АТА-АНАЛАР ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» АТА-АНАЛАР ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТТІ!
25
ноябрь
2023

АТА-АНАЛАР ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізінде 2 «Ә» сыныбының оқушыларына құндылыққа негізделген «Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбындағы тәрбие сағатын ата-ана-Редова Ильмира мен Танабаева Сымбат өткізді. Тәрбие сағаты барысында тазалықты сақтау бойынша кеңестер беріліп, жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Іс-шара соңында оқушыларды ынталандыру мақсатында сыйлыққа тіс щёткалары таратылды.
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауатты өмір сүруге баулу. Ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.