19
декабрь
2023
МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ!
Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізінде «Мейірімділік сенен басталады» апталығының аясында 3 «Ә» сыныбының жетекшісі Ибраймкулова Сафура «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-мейірбандылыққа тәрбиелеу.


