25
ноябрь
2023
МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН!
Мектеп-гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» негізінде «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты республикалық акциясының аясында 3-сыныптардың арасында «Мен бақытты баламын» тақырыбында отбасылық спорттық жарыс өтті. ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталған іс-шара мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызының мерекелік құттықтауымен жалғасын тапты.
Спорттық жарыс отбасының бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартуға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулуға бағытталған. Шараға қатысқан 11 отбасы қызықты ойындарға қатысып, түрлі спорт түрлерінен шымырлықтарын көрсетті. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші, отбасылардың спортқа қаншалықты жақын екені белгілі болды. Себебі, бір отбасылар белсенді болса, екіншісі спорттық тұрғыда шыныққан екендіктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Байжановтар отбасы жеңімпаз атанып, қатысушыларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.






