🔰GUIDEBOOK ТАРАТЫЛДЫ
Мектеп-гимназияда 24 мамыр күні 1-11-сынып оқушыларына “GUIDEBOOK” таратылды. Guidebook “Қызықты жазғы демалыс” деген тақырыпта таратылып, таныстырылды. Guidebook-тен жазғы демалысты барынша белсенді, көңілді және нәтижелі етіп өткізуге көмектесетін ойындарды, ұтымды идеяларды табуға болады. Сонымен қатар үйде, далада, көшеде, суда, табиғатта жүрудің пайдалы кеңестері мен ережелері берілген.