БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ-БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

23
апрель
2024

БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ-БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

🔰БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ-БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
🔷️2024 жылдың 4-5 сәуір күндері өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті өтті. Мектеп-гимназиямыздың "Өзін-өзі басқару" ұйымының президенті Болатханқызы Ақнұр Астана қаласында өткен республикалық слетке қатысты.
Слеттің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқаруды, балалар мен жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, мектеп парламенті көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыру, тәжірибе алмасу алаңын құру, мектеп оқушыларының көшбасшылығын анықтау және ынталандыру.
Слеттің бағдарламасына  сәйкес командалардың презентациялары қорғалып, топ жетекшілеріне арналған тренингтер, шебер сыныптар өтті. «Мықты көшбасшы – үздік команда»,  «Пікірсайыс – ақиқат жолы»,  «Эко» стиліндегі өмір»,  «Балалар парламенті – шығармашылық алаңы»,  «Ерлік – жүректе»  тақырыптарындағы пікірталас алаңдарына  кірді.Келесі күні  «Jas leader akademiiasy» қатысушылары,  мектеп парламенттерінің президенттерімен кездесу өтті. Слет соңында резолюция шығарылды.Слет қатысушылары сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Слет соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсия жасап,көңілді күймен тарқасты.Республикалық слет жоғары деңгейде өтті.