Халықаралық «Britsh Bulldog» ойын конкурсы
2018 жылдың 22 қарашасында 3 – 10 сыныптар арасында өткен Халықаралық «Britsh Bulldog» ойын конкурсына Н.К.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясынан 168 оқушы қатысқан болатын. Ойынның негізгі мақсаты: балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, мәдениеттілік деңгейін арттыру. 2019 жылдың сәуір айында шыққан қорытынды бойынша Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясынан 94 оқушы I, II, III орынмен марапатталды. I орынды - 24 оқушы, II орынды - 39 оқушы, III орынды - 31 оқушы иеленді.