Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

"Жас Ұланның - ЖҰЛДЫЗЫ!"
09
февраль
2022
"Жас Ұланның - ЖҰЛДЫЗЫ!"
Байзақ ауданы Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның - ЖҰЛДЫЗЫ!" атты аудан мектептері арасында ұйымдастырылған ән байқауында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Жамаладдин Нұржігіт ІІ орын иеленіп, Жүзбай Диас алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!  
«Қыз бала – болашақ ана»
23
декабрь
2021
«Қыз бала – болашақ ана»
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында қыз балалар арасында «Қыз бала – болашақ ана» тақырыбында аудандық аурухана гинекологы М.Ибрагимова, СӨС жауапты маманы А.Айтбаева және ЖДО психологы А.Ержанованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Ерте жүктіліктің алдын-алу», «Қыз бала гигиенасы» тақырыптарында мамандар қыз балаларға өз кеңестерін беріп өтті.  
«Тәуелсіздік таңы – нұрлы» атты тарихи-танымдық кеш
16
декабрь
2021
«Тәуелсіздік таңы – нұрлы» атты тарихи-танымдық кеш
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік таңы – нұрлы» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Кеш Тәуелсіздік жолын көрсететін әсерлі бейнероликпен басталды. Кеш барысында тәуелсіздік жайлы өлеңдер оқылып, әуелеген ән шырқалды. Мектеп-гимназияның дамуына елеулі үлес қосып келген ұстаздар "Nur Otan" партиясы Байзақ аудандық филиалының және "Жамбыл облысы  білім және ғылым
"Тәуелсіз елдің дарынды ұландары" атты салтанатты жиын
15
декабрь
2021
"Тәуелсіз елдің дарынды ұландары" атты салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Интеллект" дарындылық пен шығармашылықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Тәуелсіз елдің дарынды ұландары" атты салтанатты жиын өтті. Жиында 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында  аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейдегі түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, мектеп-гимназияның атақ-абыройын асқақтатып жүрген оқушылар "Құрмет грамотасымен" және естелік сыйлықтармен
Аудандық "Менің Отаным-Қазақстан" сырттай сурет байқауы
10
декабрь
2021
Аудандық "Менің Отаным-Қазақстан" сырттай сурет байқауы
Аудандық "Менің Отаным-Қазақстан" сырттай сурет байқауында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушылары Серік Н., Әлдібек А., 3-сынып оқушысы Асылхан А. жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшілері-бастауыш сынып мұғалімдері Айдаркулова С.Ж., Молдабекова Г.Т., Иманалиева А.С.  Жас суретшілеріміз бен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз.
"Үйсіз жануарларды бірге қорғайық" байқауы
08
декабрь
2021
"Үйсіз жануарларды бірге қорғайық" байқауы
Аудандық 6-9 сынып оқушылары арасында өткізілген "Үйсіз жануарларды бірге қорғайық" байқауының жеңімпазы  Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы БАЙШОРА САНЖАР І дәрежелі дипломмен марапатталып облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Әбілда Зине Құтты болсын!  
«Әке мен бала» әңгімесінің мәтінін мәнерлеп оқу байқауы
26
ноябрь
2021
«Әке мен бала» әңгімесінің мәтінін мәнерлеп оқу байқауы
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия кітапханасында               Қараша айының 22 күні 6-сынып оқушылар арасында Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің мәтінін мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, тәрбие негіздеріне тоқталу. Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсіндіруге тәрбиелеу. Байқаудың нәтижесінде әділқазылар алқасы мектебіміздің ДТІЖО Г.Рахимова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ІІ аудандық "Baizakrobokross" чемпионаты
23
ноябрь
2021
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ІІ аудандық "Baizakrobokross"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ІІ аудандық "Baizakrobokross" чемпионатында  Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының  оқушылары  Орман Т., Кеңесбаев А. "Жоба" категориясы бойынша 2-орынға,  "Бағдарламалау" категориясы бойынша Шарипбай К. 3-орын, Нұрсейіт А. 2-орынға ие болды.  Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері-Байғазиева Қымбат пен Алдасаев Нұржан. Жеңімпаз атанған оқушыларымыз мен олардың жетекшілерін
"Көркем сөз"номинациясы бойынша  "Сөз зергері "және "Ғажайып поэзия"
09
ноябрь
2021
"Көркем сөз"номинациясы бойынша "Сөз зергері "және "Ғажайып поэзия"
Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген"Ұлы дала мұрасы"атты байқаудың "Көркем сөз"номинациясы бойынша  "Сөз зергері "және "Ғажайып поэзия"үйірме оқушылары Байдулло Аружан,Әуез Аружан,Оңласын Даниял,Ермухан Сымбат бас жүлдеге ие болды.Дарынды шәкірт дайындағаны үшін "Сөз зергері "үйірме жетекшісі Мукамбетова Шолпан Амантаевна," Ғажайып поэзия" үйірмесінің жетекшісі  Алышова Айсұлу Жайлыбайқызы үздік жетекші марапатына ие болды.  
"Ұлтын сүйген ұландар" атты шығармашылық кеш
06
ноябрь
2021
"Ұлтын сүйген ұландар" атты шығармашылық кеш
"Ұлтын сүйген ұландар" атты шығармашылық кеште өнер көрсетіп  Шарипбай Ұлдана 3 орын Қази Айзере 2 орын Мерғали Балнұр 2 орын  Жомолоддин Нұртас 3 орын Нұрғали Мадина 3 орын иеленді.