17
январь
2020
"Адалдық сағаттары" республиклық акциясы
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 17 - қаңтарында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Адалдық сағаттары" республиклық акциясының негізінде ,қоғамда, әсіресе, жастар арасында "парасаттылық принциптерін ілгерілету", "парасаттылық, әділеттілік, шынайылық" ұғымдарын трендке айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылар арасында семинар- тренинг өткізілді. Мектеп-гимназия директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Мекебаев Шоқан семинар- тренингтің мақсатын оқушыларға түсіндіріп, тақырып бойынша слайд пен бейнеролик көрсетті. Семинар-тренингке "Мерей" бастауыш партия ұйымының "Жас Отан" жастар қанатының жетекшісі Абзалиев Бауыржан және "Байзақ - адалдық алаңы" арнайы мониторингтік топтың орынбасары Омарова Айнұр лектор ретінде қатысып, оқушыларға тақырып бойынша мағлұматтар берді.










