05
ноябрь
2021
2021-2022 оқу жылына арналған Жас мамандармен атқарылған жұмыстардың жоспары бойынша кезекті екінші отырыс
2021-2022 оқу жылына арналған Жас мамандармен атқарылған жұмыстардың жоспары бойынша кезекті екінші отырыс өткізілді. Жоспар бойынша бірінші болып колледжіміздің ТІЖ орынбасары Г.М.Қаржаулова "Жас мамандарға жетекшілік жасайтын топтарымен таныстыру және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға бағыт беру" тақырыбында сапалы ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жылдық жоспарын ұсынды.
Екінші мәселе бойынша колледжіміздің ОІЖ орынбасары С.Б.Мейрбекова "Жас ұстазды нормативтік құжаттармен таныстыру" тақырыбында қажетті ақпарат тізбесін ұсынды.
Үшінші кезеңде колледж әдіскері Л.А.Хибатова Жас мамандарға қиындық тудырып жүрген мәселелерін анықтау мақсатында сауалнама алды. Жоспарға сәйкес бекітілген тәлімгерлер 2 айда жүргізілген жұмыстарға есеп берді.





