"Жастарымнан жалынды, Тұлға шығар дарынды" тақырыбында мектепшілік жайдарман ойыны » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » "Жастарымнан жалынды, Тұлға шығар дарынды" тақырыбында мектепшілік жайдарман ойыны
20
апрель
2022

"Жастарымнан жалынды, Тұлға шығар дарынды" тақырыбында мектепшілік жайдарман ойыны

2022-жылдың 20-сәуірінде Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Балалар жылына" орай "Жастарымнан жалынды, Тұлға шығар дарынды" тақырыбында мектепшілік жайдарман ойыны 8-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізілді. Көңілді тапқырлар ойынында «Аралас», «Роза әпкидің балалары», «2017 жыл», «Палата №19», «Күліп ал», «Күлмесең қой», «Жас барыс», «Жұрттың балалары», «Миллион», «Made in Taraz» командалары өнер көрсетті. Барлық командалар сайысқа жоғары дайындықпен келгендерін көрсете отырып, өз шығармашылығына өмірдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек ете білді. Жайдарман қорытындысы бойынша қазылар алқасының ұйғарымымен І-орынды 9«Ә» сынып «Роза әпкидің балалары»,  ІІ-орынды 8«Ә» сынып «Жас барыс», ІІІ-орынды 8«Г» сынып «Миллион» командалары иеленді. «Ең үздік ойыншы» кубогы 8«Г» сынып оқушысы Улықбеков Жангелдіге берілді. Қалған командалар алғыс хаттармен марапатталды. Тартысқа толы өткен ойында  қатысушыларымыз көрермендер көңілінен шығып күлкі сыйлады.