
Жас мамандармен семинар-коучинг өткізілді.

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің “ Цифрлық білім беру технологиялары мен геймификацияны қолдану арқылы жаратылыстану пәндерін оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану” тақырыбындағы әдістемелік айлық аясында жаратылыстану пәні мұғалімдері Юсупова Айжан мен Андабаева Жанерке “Білім берудегі цифрлық инновациялар” тақырыбында
жас мамамандармен коучинг өткізді.

Коучинг барысында жасанды интеллектіні, сонымен қатар сабақ барысында қолданылатын платформалардың тиімділігін көрсетті:
• Wordwall - әр түрлі ойындар құрастыру;
• Socrative - тест тапсырмалары, оқушымен жеке жұмыс;
• Bamboozle - топпен жұмыс жасау;
• Plickers -тест тапсырмалары, оқушымен жеке жұмыс;
• Genially - дидактикалық ойындар;
• Kahoot.it - тест тапсырмалары (әр түрлі).