2025 жылдың 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының, Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті. » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 2025 жылдың 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының, Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті.
14
апрель
2025

2025 жылдың 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының, Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті.

2025 жылдың 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының, Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті. Семинар «Improving English language learning through digital educational technologies, AI and gamification» тақырыбында өтілді. Іс-шараның басты мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында цифрлық білім беру технологияларын, жасанды интеллект элементтері мен геймификацияны тиімді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын және айтылым дағдыларын дамыту. Семинар-практикумға ауданның жалпы 28 мұғалімі қатысты. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Өмірзақова Эльмира Ағаділқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының  ұстаздары Құрманалиева Д.З., Мырзалиева А.Н., Бекбаева Р.Е., және Ешенқұлова А.Ә. өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар семинар аясында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының білікті ұстазы Абдикаримова Ж.Е. «Formative assessment in the context of English teaching» тақырыбында мазмұнды коучинг сессиясын өткізді. Коучинг барысында мұғалімдермен қалыптастырушы бағалаудың мәні мен маңыздылығы талқыланып, оны ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы ұстаздар өзара ой бөлісіп, пікір алмасып, оқыту мен бағалаудағы заманауи тәсілдерге тереңірек үңілуге мүмкіндік алды.
Семинар соңында Өмірзақова Эльмира Ағаділқызы педагогтермен еркін форматта пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Семинарды қорытындылай келе, белсенділік танытып, өз тәжірибесін ортаға салған ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.





Похожие публикации: