24
март
2025
18.03.2025 ж мектеп-гимназияда жаратылыстану пәндері бірлестігінің әдістемелік айлық аясында “Мамандықтар әлеміне жол ашамыз” тақырыбында жұмысшы мамандықтар форумы болып өтті.
Жұмысшы мамандықтар форумы
18.03.2025 ж мектеп-гимназияда жаратылыстану пәндері бірлестігінің әдістемелік айлық аясында “Мамандықтар әлеміне жол ашамыз” тақырыбында жұмысшы мамандықтар форумы болып өтті. Форумның мақсаты: Еңбек нарығында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдауға оқушыларды тарту. Қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсету, бағыт бағдар беру. Бұл іс-шараға бірнеше колледж мамандары қатысты.
“Тараз-Ғасыр” колледжі -
Тараз жоғары политехникалық колледжі
“Алем” колледжі
Қазіргі заман-гуманитарлық колледжі
ТарГУ көпсалалы колледжі мамандары келіп қатысып өте жоғары дәрежеде бағаланды.
Форумда директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Жолдасбекова Айгүл Желеуовна сөз сөйлеп өз баяндамасын окыды, 10 сынып оқушылары жұмысшы мамандықтар бойынша таныстырды, колледж мамандары өздерінің жасап келген презентацияларын көрсетті, 9-10 сынып оқушылары келген қонақтарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты. Жұмысшы мамандықтар бойынша киім киген оқушылар көрмесі болды.
Форумды ұйымдастырушы ұстаздарға Усембаева Анар, Серікбаева Жексенкүл, Калданова Клара, Идрисова Алмаш және Мержанова Гүлнарга алғыс білдіреміз.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау. Болашаққа үлкен үмітпен қарайтын жақсы маман иесі болатын оқушыларымыз көп болғай.