«Мамандық таңдау маңызды іс» » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

20
апрель
2023

«Мамандық таңдау маңызды іс»

Бүгін мектеп-гимназияда негізгі мектепті бітіруші түлектер – 9 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында кәсіби бағдар беру жиналысы өткізілді. Жиналыста негізгі мектепті аяқтағаннан кейінгі білімді жалғастыру жолдары, соның ішінде кәсіптік-техникалық білім алу туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық  жоғары колледжінің, «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің, № 3 Байзақ колледжінің, Тараз темір жол көлігі мен коммуникация  колледжінің және  "Аспара" мәнерлік өнер және бизнес колледжінің мамандары қатысып, түлектерге кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын мамандықтар, колледждердегі оқу сабақтарының және студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру, студенттердің мамандықтар бойынша тәжірибеден өтуі туралы, колледжге түсу шарттары мен оқу орнына түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі жайлы ақпарат беріп өтті.