01
март
2025
🔷Құшағын ашқан бәріне, туған жер саған мың алғыс!!!

Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында мектеп-гимназияда Алғыс айту күніне орай “Құшағын ашқан бәріне, туған жер, саған мың алғыс!” атты құттықтау челленджін жолдайды.
Челлендждің мақсаты – оқушылар мен мұғалімдер арасында ризашылық мәдениетін дамыту, туған жерге, елге деген құрметті арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар алғыс сөздерін, ізгі тілектерін білдіріп, арнайы бейнежазбалар мен фотосуреттер арқылы өз құттықтауларын жолдады.
Бұл челлендж мектеп қауымдастығы арасында жылы ықылас пен бірлік атмосферасын қалыптастыруға үлес қосты.