
ІС-ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ

Бүгін мектеп-гимназиямыздың биология пәні мұғалімі Уразбаева Нағима "Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы ғылыми жоба жұмыстарының рөлі" тақырыбындағы аудандық конференцияда өз іс- тәжірибесімен бөлісті. Конференцияда "Су ресурстары мен күн энергиясын ауыл шаруашылығында және жылыжайларда қолдану. Биогумусты ауыл шаруашылығы мен жылыжайда тиімді қолдану" тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының жүргізілу барысы мен нәтижесімен таныстырды. 6 сынып оушысы Искандарова Мунира мен жетекшісі Уразбаева Нағимаға шығармашылық табыстар тілейміз.