30
декабрь
2024
Бүгін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы «Ұстаз» фильмін бірлесе отырып тамашалады.
Бүгін Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы «Ұстаз» фильмін бірлесе отырып тамашалады. Фильмде жас мұғалімнің туған ауылына оралуы, өзі білім алған мектепте жұмысқа орналасуы, оқушылармен байланысы, мұғалім беделін нығайтуға деген талпынысы, ұстаздықтың қиындығы мен қызығы көрініс тапқан. Фильм - мұғалім мамандығының беделін арттыруға әрі оның қоғамдағы орнын айшықтауға бағытталған ерекше жоба болып табылады.
Фильм соңында мектеп-гимназия мұғалімдері өз ойларымен бөлісіп, талқылады. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық екенін атап өтті.
Сюжет қарапайымдылығы, шынайлылығы әр бір мұғалімнің жүрегінде жақсы әсер қалдырды деп сенеміз.