18 НАУРЫЗ-ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!!! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

19
март
2024

18 НАУРЫЗ-ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!!!

🔰18 НАУРЫЗ-ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!!!
🔸Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде мектеп-гимназияда 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні аталып  өтті. Іс-шараның мақсаты — дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді  дәріптеу. 
    «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор. Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келеді. Осы бағытта  оқушыларға  Ұлттық киімізді кеңінен насихатталды