
2024 жылдың 10-13 маусым күндері Семей қаласы, «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХV Мерейтойлық республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға мектеп-гимназиядан 9-сынып оқушысы Паратбекова Динара қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шәкіртімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!