25
май
2024
Білімім - Отаныма!
24 мамыр күні 1-10 сыныптарда "Білімім - Отаныма!" тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына арналған құттықтау бейнеролигі көрсетілді. Сонымен қатар әр баланың жақсы қасиеттері, үлгілі істері, ерлік көрсеткен ерекше тұстарына назар аударылып, үздік және жақсы оқыған оқушылар марапатталды. 9,11 сыныптардың түлектері "Мен.Мектеп.Ұстаз" тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.