23
май
2024
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫЛАРЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ!
Төтенше жағдайлар қызметкерлері шара барысында балаларды штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс пен өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретті.
Оқушылар экскурсия барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстары туралы қызықты әңігемелерге қанық болды. Қысқа мерзім ішінде биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері, өрт сөндіру және құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астындағы зардап шегушіні алып шығу, күрделі орындарға кіру тәсілдері оқушыларды тәнті етті. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған балалар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен қорғау дулығаларын қызығушылықпен киіп көрді.
Сондай-ақ оқушылар сала бойынша арнайы мұражайға бас сұғып, өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен кеңінен танысты. Сонымен қатар бүгінде көненің көзіне айналған өрт сөндіру-құтқару жарақтарын қолдарымен ұстап көріп таңданыстарын жасырмады. Іс-шара соңында оқушылар Азаматтық қорғау қызметкерлерімен естелікке суретке түсті .