
ДҰРЫС ТАМАҚТАНА БІЛЕЙІК!

Мектеп-гимназияда әлеуметтік педагог Толтаева А. мен медбике Ахмедова Б. ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында «Дұрыс тамақтана білесің бе?» тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары, тиімді тамақтанудың жолдары айтылып, тамақтану рационында міндетті түрде болу тиіс тағамдарға тоқталып, үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы туралы ой тұжырымдалды.