
КӨРІСУ КҮНІ

14 наурыз-Наурызнама бойынша Көрісу күні. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.
Мектеп-гимназияда педагог-ұйымдастырушы Джолдасов Мараттың ұйымдастыруымен Көрісу күніне орай акция ұйымдастырылды.