Мектеп-гимназияда 18 наурыз күні ұстаздар мен 1-11-сынып оқушылары “Ұлттық киім-ұлттық рухтың айнасы” атты акциясын қолдай отырып, халқымыздың ұлттық киімін мектеп формасымен үйлестіріп акцияға белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, халқымыздың ұлттық құндылықтарына қызығушылықтарын арттыру, ұлттық киімдерді дәріптеу.