15
ноябрь
2023
ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЛБЕТІ!
Мектеп-гимназияда 15 қарашада – Ұлттық валюта күніне орай 9-сыныптардың арасында «Төл теңге тарихына шолу жасасақ...» тақырыбында «Миллион кімге бұйырды?» викториналық ойыны өткізілді. Ойын барысында теңгенің тарихына шолу жасалып, бәсекеге толы байқау болды. Мақсаты: Заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әр түрлі жаңалықтарды оқушы санасында жете меңгерту. Оқушылардың интелектуалдық деңгейін арттыру, тарихқа деген қызығушылығын тудыру, білімдерін шыңдау.





