24
октябрь
2023
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ!
Мектеп-гимназияда 25-қазан – Республика күніне орай кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Сүйем сені, туған елім!» тақырыбында кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.
"Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.



