19
октябрь
2023
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ!
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп жұмысын жүйелі жоспарлау бойынша мектеп директорларының тәжірибелерін көрсету, ақпараттық-әдістемелік көмектер ұсыну мақсатында 2023 жылдың 19 қазанында «Персоналды басқарудағы кадрлар қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.
Облыстық семинар-кеңеске Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы қатысып, «Мектеп басшысының басқарушылық және инновациялық құзіреттілігі» тақырыбында тәжірибелік презентациясымен бөлісе отырып, директор орынбасарларына басқарушылық және инновациялық құзіреттілігі туралы кеңінен ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.


