13 сәуір күні мектеп-гимназия оқушылары мен мұғалімдері "Жасыл мекен" республикалық челленджіне белсене қатысты. Оқушылар мен мұғалімдер жеміс көшеттерін отырғызып, арық-атыздарды тазалады. Мектеп ауласын абаттандыру шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Аталған челлендж білім алушылардың қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауына, құрметтеуіне және адал еңбекті бағалауына бағытталды.