КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ – КӨПТІҢ ІСІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

15
март
2023

КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ – КӨПТІҢ ІСІ!

Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. «Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ескерсек, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір жанның азаматтық ұстанымы болуы тиіс.
   Ызғарлы қыс айы өтіп, көктем келді. Ауламызды тазалап, ағаш көшеттерін отырғызатын кезең туды. Осыған байланысты 15 наурыз күні мектеп-гимназияда Наурыз мерекесі қарсаңында 11-сыныптардың атсалысуымен «Әр үйден бір ағаш» акциясы өтті.  Жалпы аталған акцияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа жасыл желекті орманымызды сақтап, қоршаған ортаның таза болуына атсалысуға шақыру.