26
апрель
2023
ЖАСЫЛ ЕЛ – ЖАСЫЛ ӘЛЕМ!
26 сәуір күні мектеп-гимназияда «Экология әліппесі» апталығының аясында 3 «Е» сыныбының жетекшісі Сайтманбетова Жамила «Жасыл ел-жасыл әлем» тақырбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты психологиялық ахуал қалыптастырумен басталды. Оқушылар топтаса жұмыс жасап, мозайка құрастырды. Постер қорғап, әр топ өз тақырыбын аша білді. «Күн райын бақыла» бөлімінде ауа-райының сан түрлі сырларымен таныстырды. «Жылы жүрек» әдісі арқылы сергіту жасап, оқушылардың жыр шумақтарымен жалғасын тапты. Оқушылар «Білім қоржыны» әдісімен кері байланыс жасады.










