14
апрель
2023
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ-БІЗДІҢ БРЕНДІМІЗ!!!
Байзақ ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Білім мен бизнес бірге" атты бизнес жобалар байқауына мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Махан Айтолқын "Сәндік интерьерлік гүлдер", 6-сынып оқушысы Бекзат Аида "Моншақтар әлемі", 5-сынып оқушысы Әділетұлы Бексолт, 7-сынып оқушысы Жансерікұлы Саятбек "Су диірмені арқылы электр энергиясын өндіру" тақырыбындағы жобаларымен қатысты. Нәтижесінде 6-сынып оқушысы Бекзат Аиданың "Моншақтар әлемі" бизнес жобасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Махан Айтолқын, Әділетұлы Бексолт, Жансерікұлы Саятбек Грамотамен марапатталды. Оқушыларды байқауға дайындап жетекшілік еткен көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Турдалиева Н., Тамеева А., Сағымбаева Г. оқушыларының жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.












