14
март
2023
«БАУЫРСАҚ PARTY» БАУЫРСАҚ ТАРТУ ШАРАСЫ ӨТТІ!







Шығыс халықтарына ортақ мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі келіп жетті. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын мерекесі қарсаңында мектеп-гимназияда «Бауырсақ party» бауырсақ тарту шарасы өтті. Іс-шараға мектебіміздің барлық білім алушылары қатысты.Іс-шараның мақсаты: Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрыпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, мерекелік көңіл-күй сыйлау.






