09
декабрь
2021
«RoboLand 2021» VI бағдарламалау мен инновациялық технологиялар робототехника фестивалі
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу, робототехниканың оқытудағы және шығармашылық бағыттың бірі екендігін көрсету мақсатында 2021 жылдың 3 – 4 желтоқсан күндері Қарағанды қаласында «RoboLand 2021» VI бағдарламалау мен инновациялық технологиялар робототехника фестивалі ұйымдастырылды. Республика бойынша 289 оқушы қатысқан фестивалге Жамбыл облысынан Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары А.Кеңесбаев пен Т.Орман қатысып сертификатпен марапатталды. Жетекшілері: Ж.Асқаровна, Н.Алдасаев.










