ТӘУЕЛСІЗДІК-АСЫЛ МҰРАМЫЗ! 🔸Мектеп-гимназияда Тәуелсіздік күніне орай
ТӘУЕЛСІЗДІК-АСЫЛ МҰРАМЫЗ! Мектеп-гимназияда Тәуелсіздік күніне орай 5 “Б” сынып оқушылары жүрекжарды бейнеролик түсіріп, көк туымызға деген шексіз құрметтерін көрсетті. Бейнероликте оқушылардың еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіне деген мақтанышы, сүйіспеншілігі айқын көрініс тапты. Әр оқушының бейнесінен отансүйгіштік рух, ұлттық бірлік және болашаққа деген зор сенім сезілді. Бұл бейнеролик – тек мерекелік тарту ғана емес, жастардың елге, жерге, тарихқа деген адалдығын білдіреді.