08
март
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 5-САБАҚТАРЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 6 наурыз күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 1-4 – сынып оқушыларының ата-аналарымен “Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны.Балалардың компьютерлік тәуелділігін қалай еңсеруге болады?” тақырыбында 5-сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Қарабаева Айнұр жүргізді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңі дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру;
-ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту;
-балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауііпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.




